«Манчестер Сити» ойыншысы Қазақстанға келер алдында аяғын сындырып алды

Редактор
20.08.2024, 23:55

6 қыркүйекте Алматыда Қазақстан мен Норвегия құрамалары кездеседі

Getty Images

Англияның «Манчестер Сити» клубында ойнайтын Норвегия құрамасының шабуылшысы Оскар Бобб жаттығу процесінде ауыр жарақат алды.

Ол қатардан шығып, ұзақ уақыт жасыл алаңға орала алмайтын болды. 21 жастағы шабуылшының аяғы сынған. Алдын-ала болжам бойынша норвегиялық футболшы 3-4 ай футбол ойнай алмайды.

Айта кетейік, 6 қыркүйекте Алматы қаласының Орталық стадионында Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Норвегия Қазақстан құрамасымен кездеседі. Бұл Станислав Черчесов үшін Қазақстан тізгінін ұстағалы алғашқы ресми матч болмақ. 

Кеше осы ойынға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланған.