Қазақстанның үш клубы трансфер кезінде 406 млн теңге жұмсаған

Редактор
21.08.2024, 11:06

Жазда жаңа футболшыларды қатарына қосу үшін ең көп ақшаны «Елімай» жұмсады

championat.com

Жазғы трансферлік терезе кезінде Қазақстанның көптеген клубы ойыншыларды қатарына тегін қосты. Дегенмен «Қайрат», «Ордабасы» және «Елімай» трансферге 400 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған.

Жазда жаңа футболшыларды қатарына қосу үшін ең көп ақшаны «Елімай» жұмсады. Команда сапына жаңадан бес ойыншы қосылған, соның екеуі клубқа қымбатқа шыққан. Семейліктер ресейлік шабуылшы Ислам Машуковті сатып алу үшін Владикавказдың «Аланиясына» 320 мың еуро төлеген.

Тағы 100 мың еуро нигериялық қорғаушы Самуэль Одеойибо үшін Литваның «Хегельманн» клубына берілді. Нәтижесінде «Елімай» 420 мың еуро жұмсады (221,7 миллион теңге).

Ал Қазақстанның қазіргі чемпионы колумбиялық Кристиан Товарды 100 мың еуроға сатып алған. Алматының «Қайрат» клубы жазғы трансферде 250 мың еуро жұмсаған. Нәтижесінде үш қазақстандық клуб төрт легионерді 770 мың еуроға (406,6 миллион теңге) сатып алған.

Жазғы уақытта табыс тапқан клубтар да бар. Соның ішінде Максим Самородовты Грозныйдың «Ахмат» клубына сатқан «Ақтөбе» 1 миллион еуро (528 миллион теңге) алды.