Исламбек Қуат «Бранн» клубын жеңуге уәде берді

Редактор
29.08.2024, 09:26

Астаналықтар норвегиялық клубтың әлсіз тұсын тапқанына сенімді

Астана ФК

Футболдан Конференция лигасының соңғы іріктеу матчында «Астана» өз алаңында норвегиялық «Бранн» клубын қабылдайды. Алғашқы ойында 0:2 есебімен жеңіліп келген Бабаян шәкірттерінің келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі өте төмен. Десе де, астаналық клуб ойыншылары жеңіске жетеріне сенімді.

Матч алдында өткен баспасөз конференциясында «Астана» ойыншысы Исламбек Қуат норвегиялық команданың әлсіз жерін тапқанын мәлімдеді.

«Біз жеңіске жетуді көздеп отырмыз. Өткен ойынға талдау жасадық. Әлсіз тұсы кез келген командада болады. Ертең алаңда көресіздер», - деді Қуат журналистермен болған әңгіме барысында.

Айта кетейік, аталған матч 29 тамызда Алматыда кешкі сағат жетіде басталады. Қос ойынның нәтижесінде жеңіске жеткені Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.