«Бранн» жанкүйерлері Алматыдағы балалар үйіне 12 мың доллар берді

Редактор
30.08.2024, 10:45

Норвегиялық клуб «Астанадан» ойсырай жеңіліп, еліне қайтты

Insports.kz

Конференция лигасының аясында Алматыға «Астана» мен «Бранн» ойынын тамашалауға келген норвегиялық жанкүйерлер қайырымдылық жасады. Олар Алматыдағы балалар үйінің біріне 12 мың доллар аударған. Бұл қаражат балалар үйінің керек-жарағына жұмсалмақ.

Айта кетейік, Алматыдағы матчқа Норвегиядан 35 жанкүйер арнайы келген.

Естеріңізде болса, елордалық клуб қонақта 0:2 есебімен ұтылған еді. Алайда, Алматыдағы қарымта ойында «Астана» 3:0 есебімен камбэк жасап, УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты.