ҚФФ «Ордабасы» мен «Ақтөбені» қатаң жазалады

Редактор
31.08.2024, 16:19

Сондай-ақ, тағы екі ойыншыға жеке тәртіптік шара қолданылады

Ордабасы ФК

Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитеті кезекті отырысын өткізіп, ҚПЛ-де өнер көрсететін бірнеше команданың мәселесін күн тәртібіне шығарды.

Жиын қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданған:

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 17-тур.

«Шахтер» – «Ордабасы» матчында ережені өрескел бұзғаны үшін «Ордабасы» ойыншысы Сергей Малый 2 ойынға шеттетілді. Жаза 2024 жылдың 19 тамызынан бастап есептеледі.

Футболдан Қазақстан чемпионаты. 18-тур.

«Ордабасы» – «Ақтөбе»

  • Жанкүйерлердің тәртіпсіздігі және пиротехника қолданып, оның соңы өрттің пайда болуына байланысты «Ақтөбе» клубының басшылығы 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Айыппұлды 2024 жылдың 28 қыркүйегіне дейін төлеуі тиіс.
  • Жанкүйерлер ойынның бас төрешісін балағаттап, футболшылардың көзіне лазер түсіргені үшін «Ордабасы» клубының басшылары да 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл төлейді. Айыппұлды 2024 жылдың 28 қыркүйегіне дейін төлеуі тиіс.

«Елімай» – «Қызылжар» арасындағы матчта қонақ команданың ойыншылары трибуна астындағы кабинеттердің есігін теуіп сындырған. Осыған байланысты «Қызылжар» клубының басшылығы семейлік команданың бүлдірген мүлкінің шығынын өтеп беруі тиіс.

«Атырау» – «Шахтер» кездесуінде қарағандылық команданың ойыншысы Лайонел Адамс өрескел ереже бұзып, қарсылас команда ойыншысының денсаулығына қауіп төндіргені үшін екі матчтан шеттетіледі. Тәртіптік шара мерзімі 2024 жылдың 25 тамызынан бастап күшіне енеді.