Стадионсыз қалған «Астана» «Челсиді» Алматыда қабылдайды

Редактор
01.09.2024, 23:44

Соңғы матчты елордалық команда кипрлік АПОЭЛ-ге қарсы өткізеді

YouTube: "Открой для себя Казахстан"

«Астана» клубы «Челсимен» Алматыдағы Орталық стадионда ойнайды. Бұл туралы ақпарат FIFA-ның ресми сайтында жарияланған. 

Айта кетейік, 12 желтоқсан күні «Астана» УЕФА Конференция лигасының аясында Лондонның «Челси» клубын өз алаңында қабылдайды. Дегенмен, «Астана Арена» Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты қайта жөндеу жұмыстарына жабылғандықтан, матчтың қай қалада өтетіні белгісіз болған. Енді бұл кездесу оңтүстік астанада ұйымдастырылатыны нақтыланды. 

Матч сағат 20:30-да басталады. Бірақ желтоқсанда бұл уақытта Алматының ауа райы суық болатынын әрі онда жабық стадионның жоқ екенін ескерсек, матчтың қаншалықты сәтті ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз.

Қазақстандық клуб алдымен өз алаңында Сербияның ТСЦ командасымен кездесу өткізеді. Сонан соң 24 қазанда «Астана» Уельске аттанып, Лансанфредтің ТНС клубымен өзара кім мықтыны анықтайды. 

7 қараша күні Кипрде «Пафостың» қарымын байқаса, 28 қарашада Португалияның «Виториясы» қонаққа келеді.

12 желтоқсан «Челси» Қазақстанға ат басын бұрса, Григорий Бабаян шәкірттері топтық кезеңдегі матчты 19 желтоқсан күні Никосияның АПОЭЛ клубымен қорытындылайды.