«Қайрат» өз алаңында жеңілсе де, көш басында қалды

Редактор
02.09.2024, 00:03

Бұл турда ҚПЛ көшбасшылары ұпай жоғалтты

Астана ФК

1 қыркүйекте Қазақстан премьер-лигасының 19-туры аясында қалған үш матч ойналды. Үш матчта небәрі бір-ақ гол соғылды.

«Қайрат» өз алаңында «Астана» клубына қабылдап, кездесу тағдырын бір ғана гол шешті. Орталық стадионда өткен матчта қонақтар сапынан Марин Томасов мергендік танытып, командасына үш ұпай сыйлады – 0:1.

Сөйте тұра «Қайрат» турнирлік кестедегі көшбасшылық орнын сақтап тұр, 19 ойында 32 ұпай жинаған алматылықтар бірінші орында келеді, ал 21 ұпайы бар «Астана» 8-орынға жайғасты.

«Қайрат» – «Астана» – 0:1

  • Гол: Марин Томасов 85
  • Ескерту: Офри Арад 82

«Қайрат»: Вадим Ульянов (В) – Иброхимхалил Юлдошев (Александр Мрынский 90+2), Лука Гадрани, Егор Сорокин, Александр Мартынович, Еркебұлан Сейдахмет (Юг Станоев 65) – Офри Арад, Андрей Ульшин (Дмитрий Сергеев 90+2) – Гиорги Зария – Жоао Пауло (Вячеслав Швырев 72), Элдер Сантана;

Бас бапкер: Александр Кержаков.

«Астана»: Йосип Чондрич (В)  – Карло Бартолец, Бранимир Калайца, Кипрас Кажуколовас, Марат Быстров – Макс Эбонг, Алекса Аманович (Исламбек Қуат 59), Назми Грипши – Усман Камара (Александр Марочкин 89), Чинеду Джеффри (Рамазан Каримов 78), Марин Томасов (Ннамди Аханону 89);

Бас бапкер: Григорий Бабаян.

Ал «Жетісу» мен «Тұран» клубтарының кездесуінде жанкүйерлер мүлде гол көрген жоқ. Талдықорғанға қонаққа келген Түркістанның «Тұраны» алаң иелерімен ұпай бөлісті. Осылайша, «Жетісу» 20 ұпаймен 9-орынға түссе, «Тұран» 13 ұпаймен 11-орында қалды.

«Жетісу» – «Тұран» – 0:0

Ескерту: Дінмұхамед Қараман 33, Мейрамбек Қалмырза 46, Серікжан Мұжықов 83, Рауан Орынбасар 90+3 – Антонио Жаколиш 59, Рахат Үсіпханов 72, Иван Хомуха 89

«Жетісу»: Арсен Сиукаев (В) – Нұрлан Дайыров (Константин Кучинский 68), Рауан Орынбасар, Гиа Чадунели, Чарльстон Сильва, Асхат Балтабеков – Дінмұхамед Қараман (Равиль Атыханов 86), Мейрамбек Қалмырза, Антон Шрамченко (Темур Чогадзе 68) – Серікжан Мұжықов, Руслан Болов (Абылайхан Жұмабек 62);

Бас бапкер: Қайрат Нұрдәулетов.

«Тұран»: Владислав Василючак (В) – Виктор Велкоски, Иван Хомуха, Артем Дмитриев, Павел Киреенко, Антонио Жаколиш ( Әлішер Сүлей 90) – Санжар Сатанов, Александр Мишов, Рахат Үсіпханов – Артем Архипов, Никола Цуцкич; 

Бас бапкер: Ринат Алюетов.

Қазақстанның бұрынғы чемпиондары енді ҚПЛ-да өзара аутсайдерлерді анықтап жүр. Қарағандының «Шахтері» Астананың «Жеңіс» клубын қабылдап, бұл матчта да есеп ашылған жоқ – 0:0.

9 ұпайы бар «Шахтер» 9 ұпаймен соңғы орында қалса, «Жеңіс» 10 ұпаймен 12-орында тұр.

 «Шахтер» – «Жеңіс» – 0:0

Ескерту: Максим Драченко 45+1, Йован Илич 80, Абылайхан Назымханов 90+3 – Кристиан Новак 27, Марин Беланчич 45+1

«Шахтер»: Егор Цуприков (В) – Богдан Савкив (Милош Николич 74), Филип Стаменкович (Ескендір Қыбырай 74), Дмитрий Рыжук, Франциско Кампо – Максим Драченко (Дмитрий Лисакович 66), Роджер Каньяс, Йован Илич (Абылайхан Назымханов 84) – Имеда Ашортия (Айдос Тәттібаев 84), Евгений Козлов, Милан Джокич;

Бас бапкер: Андрей Финонченко.

«Жеңіс»: Темірлан Анарбеков (В) – Матия Ром, Зураб Тевзадзе, Кристиан Новак, Сағи Совет  – Марин Беланчич, Лукас Будинский (Джоао Рибейро 76), Адилио Дос Сантос, Сергей Волков – Георгий Панцулая,  Бруно Мигел (Артем Черединов 88);

Бас бапкер: Акис Вавалис.