Александр Кержаков «Қайраттан» кететінін мәлімдеді – инсайд

Редактор
03.09.2024, 09:50

Ол алматылық клубпен небәрі 9 матч өткізді

Қайрат ФК

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалғанына небәрі үш айдан енді асқан Александр Кержаков отставкаға өтініш берді деп хабарлады спорт инсайдері Иван Карпов өзінің Telegram-каналында.

Мұндай қадамға «Қайраттың» өз алаңында «Астанадан» жеңіліп қалуы себеп болуы мүмкін. Турнир кестесінде бірінші орында тұрған алматылық клуб осылайша өз позициясын әлсіретіп алды.

Айта кету керек, Александр Кержаковбиыл мамыр айының соңында «Қайрат» тізгінін қолға алған еді. Содан бері ел чемпионатында тоғыз матч өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жетті. Тағы екеуінде тең ойнап, екеуінде жеңілген.

Кержаковқа дейін «Қайратты» Кирилл Кекер жаттықтырған. Жергілікті маман қазір «Ордабасыға» бас бапкер болды.