Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Қиын ойын күтіп тұр». «Арсеналдың» капитаны Қазақстан туралы айтты

Редактор
05.09.2024, 17:33

«Реалдың» бұрынғы ойыншысы кездесу қиын болады деп отыр

kazfootball.kz

Лондонның «Арсенал» клубы мен Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор Қазақстанмен болатын ойын туралы пікірін айтты.

«Реалдың» бұрынғы ойыншысы кездесу қиын болады деп отыр. 

«Біз қарсыласқа қарсы дайындалғанда, белгілі бір ойыншыларға емес, командаға қарсы дайындаламыз. Бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білеміз. Оның үстіне сырт алаңда өнер көрсетеміз. Шыны керек, ұзақ жол жүріп келдік. Сөйте тұра жақсы ойын өрнегін көрсетуге дайынбыз. Біздің құраманы фаворит санамаймын. Себебі кездесудің оңай болмайтынын білеміз, топтағы барлық құрама бірдей деңгейде», - деді Эдегор матч алдындағы баспасөз конференциясында.

Жұлдызды футболшы өзінің жарақатына қатысты сауалға да жауап берді. Естеріңізде болса, ол АПЛ-ның үшінші туры аясында «Брайтонмен» өткен кездесуде 74-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Сол кезде оның жарақат алып қалғаны айтылған.

«Сол ойында аяғымнан бірнеше соққы алып қалдым. Бірақ қазір өзімді жақсы сезінемін», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан – Норвегия матчы 6 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Жарнама
Жарнама