Норвегияның бас бапкеріне шапан жауып, құрмет көрсетті

Редактор
05.09.2024, 17:34

Қазақстан мен Норвегия арасындағы матч 6 қыркүйекте Алматыда өтеді

Olimbet arena

5 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында футболдан Норвегия құрамасының баспасөз мәслихаты өтті. Кездесу УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасымен өтетін алдағы ойынға арналды.

Екі ел арасындағы тұңғыш матчтың құрметіне ҚФФ-ның ресми демеушісі – Қазақстандағы №1 букмекерлік кеңсе Olimpbet қарсылас команда өкілдері үшін ұлттық бірегейлік элементтері бар естелік сыйлық дайындады.

Olimpbet-тің дамыту жөніндегі директоры Абзал Қалиев Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Солбаккенге қазақтың дәстүрлі шапанын жапты.

«Біз екі командадан да белсенді әрі тартысты ойын күтеміз. Бұл қадамымыз арқылы біз Қазақстанның қонақжайлығын танытып, командалардың алаңдағы алғашқы тарихи кездесуін белгілеп, еуропалық меймандар тарихындағы нағыз шығысқа тән матчты есте қаларлықтай еткіміз келді», – деді Абзал Қалиев.

6 қыркүйек күні сағат 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Норвегия құрамаларының ойыны өтеді.

Дереккөз: Olimpbet Arena