«Арсеналға» Холандты тұсап ұстаған Нұралы Әліпті сатып алу ұсынылды

Редактор
06.09.2024, 21:40

Алматыдағы ойын 0:0 есебімен аяқталды

ФК "Манчестер Сити"/ФК "Зенит"

Лондондық «Арсенал» футбол клубы туралы блог жүргізетін танымал журналист Эндрю Аллен өзінің Twitter-парақшасында Қазақстан мен Норвегия матчы туралы жазды.

Алматыдағы ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Норвегияның Сорлот, Холанд, Эдегор жұлдызды ойыншыларынан алаңнан қанжығасы байланбай кетті.

«Эдегор жаңа ғана Норвегия сапында Қазақстанмен ойнады. Матчта есеп ашылған жоқ. Осы кездесуде Холандқа қарсы ойнатқан қорғаушыны «Арсенал» қатарына қосу керек», - деп жазды Аллен.

«Манчестер Ситидің» жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холанд орталық алаңдағы Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Александр Марочкин үштігінен өте алмады. Әсіресе, Нұрәлі Әліп 24 жастағы шабуылшыға қарсы жақсы ойнады.

Айта кетейік, бұл Станислав Черчесовтің Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ойыны болатын. Ресейлік бапкер дебюттік кездесуін сәтті өткізді. Енді келесі матч 9 қыркүйекте Люблянде (Словения) өтеді.