Мен қазақтар үшін жауап беремін – Станислав Черчесов

Редактор
11.09.2024, 10:02

Бас бапкер Шешенстанда дүниеге келген Умаев туралы айтты

amfr.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов «Ақтөбе» шабуылшысы Идрис Умаев туралы пікір білдірді.

Шешенстанда дүниеге келген Умаев көктемде Қазақстан азаматтығын алады деп айтылған. 

“Умаевта дәл қазір ешқандай төлқұжат жоқ.  Мен тек қазақтар үшін жауап беремін. Ол жақсы жігіт. Алайда азаматтығы болмағандықтан тізімде емес”, - дейді Черчесов.

Бұған дейін шабуылшы Қазақстан азаматтығын алуға құжаттар тапсырып қойғанын, күтіп отырғанын айтқан.