«Бірден Ресейге кетіп қалды». Қазақстандық футбол сарапшысы Черчесовті сынап тастады

Редактор
11.09.2024, 18:21

Бас бапкердің ел чемпионатын тікелей бақыламайтыны талқыға түсті

Sports.ru

Қазақстандық футбол менеджері әрі сарапшы Эрик Садықов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың елге сирек келетінін және Қазақстан чемпионатының матчтарын бақылай бермейтінін айтты, деп хабарлайды sport24.

«Черчесовтың өзі де, оның көмекшілері де келісімшартқа қол қойғаннан кейін Қазақстанда болған жоқ. Ішкі чемпионат ойындарын тікелей эфирде көрмейді, оның орнына матчтарды жастар құрамасының жаттықтырушысы бақылап отырады. Содан кейін ол барлық ақпаратты Черчесовке жібереді. Тек «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матчта болды. Сосын бірден Ресейге кетіп қалды. Келісімшартқа қол қойғаннан кейін жұмысқа толықтай кірісуі тиіс», - дейді Эрик Садықов.

Бұған дейін бас бапкердің өзі чемпионатты тамашалайтынын, журналистердің айтқаны дұрыс емес екенін жеткізген.