«Менің есімімді қалай айтасың?» Қазақстан мен Норвегия футболшылары бірлесіп, бейнежазба жариялады

Редактор
12.09.2024, 11:59

Ұлттық футбол командасының ресми демеушісі - Olimpbet Норвегия футбол федерациясымен бірегей ынтымақтастықты бастады – екі елдің командалары ұлттық құрама деңгейінде медиа-жоба жасау үшін алғаш рет бірігіп отыр.

Olimpbet

Қазақстандық құраманың Норвегияға қарсы матчы қарсаңында екі команданың ойыншыларының қатысуымен бейнежазба жарық көрді, бұл Қазақстан футболы тарихындағы осындай алғашқы жоба болды. Olimpbet ұсынған бастаманың идеясы командалар мен жанкүйерлер арасындағы байланысты нығайта түсетін шынайы контент жасауды көздейді.

Бейнежазба екі елдегі әлеуметтік желілерде ең көп қаралған хиттердің біріне айналды.

Olimpbet-тің демеушілік жөніндегі менеджері Павел Александров «МПН | Маркетинг Последней Надежды» телеграм-арнасына осы жобасының идеясы мен жүзеге асырылуы туралы былай деп жазды:

«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыластары белгілі болғаннан кейін мен Холандқа, Эдегордқа және тағы басқаларына тамсана бермей, командаларымыздың алғашқы кездесуін есте қаларлықтай етіп өткізгім келді. Матчтың нәтижесі, «Холанд Алматыда жасыл алаңға шықты» дегендер жаңалық емес, мұны федерациялар арасындағы алдағы уақыттағы ортақ шаруаның көрінісіне айналдыру қажет болды».

Заңнамалық шектеулер мен норвегиялық тараппен келіссөздердің әлі де жетілмегеніне қарамастан, жоба сәтті жүзеге асты. Бұл ҚФФ мен өзге елдердің федерациялары арасындағы ынтымақтастықтың негізін қалады.

Оның үстіне, жобаны ұйымдастырған командаға демеушілік жасаған компания түсірілген бейнежазбаларда коммерциялық интеграциядан бас тартты.

Александров мынау деректі де алға тартты:

«Біздің мақсатымыз – бірегей контент түсіру және басқа командалар үшін тренд жасау. Olimpbet Қазақстандағы спорттың №1 инвесторы ретінде инвестицияның елдегі спортты дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар басқа елдердің федерациялары мен жанкүйерлері арасында достық атмосферасын құру үшін де маңызды екенін түсінеді».

Компания Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қалған топтық қарсыластары: Словения мен Австрия құрамаларымен осы секілді бейнежазбалар түсіруді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл халықаралық спорттық өзара іс-қимылды нығайтып, Қазақстанның Еуропалық футбол қауымдастығында танымалдығын арттырады.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Материалда: