«Басқа бәле тілден»: Жозе Моуриньо төрешіні айыптағаны үшін істі болды

Редактор
06.12.2023, 09:30

Ол ірі көлемде айыппұл төлеуі мүмкін

Sportbox

Италияның футбол федерациясы «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньоға қатысты іс ашты. Оны төреші Маттео Марсенароны балағаттады деп айыптауда деп жазады ANSA.

А Сериясының 14-туры аясында сырт алаңда «Сассуоло» командасына қонаққа барған римдіктер матч алдында пресс-конференция өткізіп, сонда Моуриньо төрешінің біліктілігіне күмән келтіретіп, мұндай матчқа қазылық ету үшін эмоциялық тұрғыдан тұрақты емес екенін айтқан болатын.

Матч аяқталғаннан кейін португалдық маман сөзін дұрыс жеткізе алмағанын, бұдан кейін португал тілінде сөйлеп түсіндіруге тырысатынын мәлімдеді.

«Мен бүгін португал тілінде айтып көрейін, өйткені итальян тілін толық меңгермегендіктен тұрақтылыққа қатысты сөзім дұрыс шыққан жоқ. Бұл жоғары деңгейдегі ойындарда қазылық ету үшін ең қажетті қасиет», - деді ол.

Моуриньоның осы сөзінен кейін Италияның футбол федерациясы іс ашып, тергеп-тексеруді бастап кетті.

Материалда: