«Сапасыз монтаж»: Қасым-Жомарт Тоқаевтың гол соққан видеосын әлеуметтік желіде талқылап жатыр

Редактор
06.12.2023, 16:50

Желі қолданушылары Президент тепкен доп пен қақпаға кірген доптың екі түрлі екенін айтып жатыр

скрин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында Мәртөк ауданында болып, спорт кешенінің жұмысымен танысты. 

Осы кездесудің видеосын Ақорданың ресми аккаунттары таратуда. Онда Президенттің футзал алаңында болып, қақпаға гол соққан сәті бейнеленген. Алайда, президенттің тепкен добы мен қақпаға кірген доп екі түрлі түсте екені анық байқалады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл кадрларды сәтсіз жасалған монтаж деп, президенттің соққан голына күмән келтіруде.

Материалда: