Криштиану Роналду Иракқа қарсы ойынға қатыса алмайтын болды

Редактор
16.09.2024, 18:16

Футболшы вирус жұқтырып алған

Getty Images

Бүгін "Әл-Наср" футбол клубы Азия чемпиондар лигасы аясында "Әл-Шорта" (Ирак) командасымен кездеседі. Ойынға құрама капитаны Криштиану Роналду қатыса алмайды.

"Әл-Наср" клубы Роналдудың вирус жұқтырғаны туралы мәлімдеме жасады.

"Біздің капитан Криштиану Роналду өзін жайсыз сезініп, ағзасынан вирустық инфекция анықталды. Команда дәрігері оған тынығуды ұсынды, сондықтан ол Иракқа қарсы ойын үшін командамен бірге бармайды. Біз капитанымыздың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген клубтың Х желісіндегі парақшасында.