Қазақстандық футболшы қайырымдылық шарасына қатысып жатыр
Данияның «Силькеборг» клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың жейдесін сатылымға қойды.
Клуб мәліметінше, жейдеден түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Бір қызығы, даниялық ұжым жазбаны қазақ тілінде де жариялаған.
«Сіздің жексенбі күні «Брондбю» клубына қарсы матчта Рамазан Оразов киген ерекше «Силькеборг» жейдесін иеленуге мүмкіндігіңіз бар. Жейдеге біздің қазақстандық жұлдызымыз қол қойған. Ақша игі іске жұмсалады», - делінген клубтың Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Рамазан Оразов «Силькеборг» клубына биылғы маусым айында ауысты. Биылғы маусымда ол 11 матчқа қатысып, бір голды өз еншісіне жазды.
Дәл қазір «Силькеборг» Данияның Суперлигасында үшінші орында келеді.