Ол «Арсеналмен» болған матчта ауыр жарақат алды
Англияның «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Родри маусымның қалған бөлігін алаңның сыртынан бақылауға мәжбүр.
АПЛ-ның 5-туры аясында «Арсеналмен» (2:2) өткен ойының 21-минутында испаниялық жарақат алып қалған болатын.
23 қыркүйекте жасалған медициналық тексеріс жарақаттың күрделі екенін растаған. Дәрігерлердің айтуынша, оның оң тізесіндегі крест байламдарына зақым келген.
Биылғы маусымда Родри «Манчестер Сити» сапында үш матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алған жоқ.
Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылғы жазға дейін жасалған. Ал оның нарықтық құны 130 миллион еуроға бағаланған.