«Жарыстан кейін өзбек палауын жеймін»: Лео Игита футзалдан әлем чемпионаты туралы

Редактор
24.09.2024, 20:01

Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде Португалиямен кездеседі

1xbet

Футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық матчы қарсаңында 1xBet Қазақстан құрамасының қақпашысы және компанияның амбассадоры Лео Игитадан сұхбат алды.

– Лео, Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуларыңбен құттықтаймыз. Сізге Өзбекстан ұнады ма? Әйгілі өзбек палауын жеп үлгердіңіз бе?

– Көп рақмет. Өзбекстан – тамаша ел. Біз барлық дерлік уақытымызды Әндіжанда өткіздік. Бұл керемет қала, халқы өте қонақжай. 

Иә, мен палаудың дәмін көрдім, бірақ өкінішке қарай, қазір әлем чемпионатына байланысты диетадамын. Бірақ турнир біте салысымен, өзбек палауын міндетті түрде тағы жеймін (күлді).

– Біздің құраманың топтағы ойынына қандай баға берер едіңіз?

– Топта өте жақсы ойнап, өз деңгейімізді көрсеттік деп ойлаймын. Өкінішке қарай, гол айырмасына байланысты екінші орын алдық. Топта көрсеткен ойынымыз бізге плей-оффқа шығуға үміт береді. Тек өз деңгейімізді одан әрі дәлелдеуді жалғастыру керек.

– Турнирде кім ең қиын қарсылас болуы мүмкін?

– Турнирдің фавориті Бразилия деп ойлаймын. Күшті, мықты команда. Басқа ұжымдар да бар: Испания, Португалия, Аргентина, тіпті Иран. Айтпақшы, мен бізді де «алтынға» үміткерлер қатарынан шығарамын. Португалиямен ерте кездесетініміз қынжылтады.

– Басқа жұптармен салыстырғанда, ең ыңғайсыз қарсыласқа тап болған сияқтысыздар. Португалия құрамасынан кімді ерекше атап өтуге болады?

– Иә, бізде ең қызықты кездесу болды. Басқа матчтар зеріктірерлік демеймін, бірақ біздің матч 1/8-де көбірек назарға ілігетіні сөзсіз. Португалия – Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы. Бірақ біз Испанияға қарсы тамаша футзал ойынын көрсеттік. Біз Иран мен Аргентинамен ойнадық, онда да өз деңгейімізді көрсеттік. Басқа қарсыласпен түсе алар ма едік? Иә, әбден мүмкін. Бірақ кім чемпион болғысы келсе, кез келген қарсыласын жеңуі керек.

Португалиядан мен Зики Тені айтар едім. Қазір ол тамаша формада, өте қауіпті ойыншы. Сондай-ақ, былтыр әлемнің ең үздік ойыншысы атанған Пана Варела да бар. Ойнатып әкетуде мықты, қорғаныста жігерлі. Ол өте заманауи ойыншы. Бірақ оларда басқа да ойыншылары бар. Кейбіреулер «Бенфикадан», біреулері «Брагадан», «Барселона» ойыншылары да бар. Бірақ бұл екі ойыншыдан сақ болу керек – олар матчта айырмашылық жасай алады.

– Сіз футбол матчтарын көресіз бе? Чемпиондар лигасының жаңа форматы туралы не ойлайсыз? Өзгерістерді бағалай алдыңыз ба?

Иә, мен Чемпиондар лигасының бірінші турын тамашаладым. Көптеген қызықты матчтар болды. Әрине, жаңа формат адамдарға әлі бейтаныс. Мен өзім де әлі үйреніскен жоқпын. Бірақ жаңару турнирге пайдалы болады деп ойлаймын. Тек алғашқы 16 команда плей-офф кезеңіне шығу үшін таласпайды. Бұл орындар үшін көбірек клубтар күреседі. Мысалы, 20-орындағы команда әлі де алға ұмтылады. Бұл – сөзсіз плюс. Жалпы, жұртшылық бұрын жақсы болған деп дауласуды тоқтатпайды. Бұл – қалыпты жағдай. Бұрын Еуропа чемпиондары кубогы кезінде Чемпиондар лигасының қалай өткені қазір кімнің есінде?

– Чемпиондар лигасының келесі турында бірнеше қызықты кездесулер өтеді. Арсенал – ПСЖ, Байер – Милан, Лейпциг – Ювентус матчтарының жеңімпаздарын болжап көргіңіз келе ме?

Арсенал – ПСЖ

Арсенал жеңеді деп ойлаймын. Олар өз алаңында ойнап, 2 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді. Жалпы, олар тіпті Англия чемпионы бола алады деп ойлаймын. Команда тамаша формада.

Байер - Милан

Бұл өте эмоционалды матч болады. Байер жеңетін болса, бір доп айырмашылығымен алға шығады. «Байер» соңына дейін күреседі, олар матчтың соңғы секундтарында гол соғуы мүмкін. Ал Милан дербиде «Интерді» ұтты. Жеңіс олардың сырт алаңда жақсы ойнауға мотивациясын арттырды. 

Менің болжамым: Байер жеңілмейді

РБ Лейпциг – Ювентус 

Лейпциг жеңеді. Өз алаңында бұл өте мықты команда. Ал неміс командаларының матчтарында жиі гол соғады. Командалар 3 голдан көп соғады деп ойлаймын.

– Ұлттық құрама жанкүйерлеріне айтарыңыз бар ма?

– Ең алдымен Қазақстаннан күнде жазып, қолдап, алаңдап жүрген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олар өз энергиясын бізге жібереді. Сіз жазған әрбір пікірді көремін. Қонақүйде және турнирлік режимде болғанымызға қарамастан, Қазақстан құрамасының жанкүйерлерінен жағымды энергияны сезініп отырмыз. Осы сәтті бізбен бірге өткізгеніңіз үшін рақмет!

Өзбекстанға келген жанкүйерлерге де жеке «рақмет» айтқым келеді. Матчтарда  істеп жатқандарыңыз шынымен әдемі. Келесі матч бізге өз үйімізде ойнағандай сезінетініне