«Екібастұз» футболшылары екі айдан бері жалақы алмаған

Редактор
24.09.2024, 21:19

Клуб чемпионат басында ҚПЛ-ға өту туралы мақсат қойған болатын

Екібастұз ФК

Футболдан Қазақстанның Бірінші лигасында шу шықты. «Екібастұз» ойыншылары ұзақ уақыттан бері жалақы мен сыйақыларын алмағандықтан, қарсылық ретінде жаттығуға барудан бас тартып жатыр.

Дереккөз мәліметінше, клубтағы бірқатар ойыншы 2024 жылғы маусым айынан бері жалақы алмаған. Ал команда екі күннен бері жаттығуға қатыспай жүр.

Естеріңізде болса, бұған дейін «Түркістан» клубында да осындай жағдай тіркелген еді. БАҚ өкілдері клуб футболшыларының жалақы алмағанына екі ай болғанын жазуда. 

«Екібастұз» Қазақстанның бірінші лигасында өнер көрсетеді және турнирлік кестеде 39 ұпаймен алтыншы орында келеді. Клуб чемпионат басында ҚПЛ-ға өту туралы мақсат қойған болатын.