Былтырғы маусымда Мессидің командасы плей-офф кезеңіне де шыға алмаған еді
Футболдан АҚШ чемпионаты (МЛС) аяқталмай жатып «Шығыс» дивизионындағы чемпион анықталды. 32-ші турда сырт алаңда «Коламбус Крюмен» кездескен «Интер Майами» жеңіске жетіп, чемпиондық атақты уақытынан бұрын жеңіп алды. Сондай-ақ, майамиліктер Supporters' Shield трофейіне де ие болып отыр.
3:2 есебімен аяқталған матчта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси дубль авторы атанса, үшінші голды әйгілі уругвайлық Луис Суарес өз есебіне жазды.
Осылайша 32 ойында 68 ұпай жинаған «Интер Майамиді» енді чемпионат соңына дейін ешкім қуып жете алмайды. Екінші орындағы «Коламбус Крю» 31 ойыннан кейін 57 ұпай жинаған.
Енді Мессидің командасы МЛС кубогі үшін таласады. Онда әр дивизионнан алғашқы 9 орынды иеленген 18 клуб бағын сынайды. Сонымен қатар, «Интер Майами» Supporters' Shield трофейін иеленгені үшін КОНКАКАФ Чемпиондар лигасында АҚШ-тың намысын қорғайды.