«Ордабасы» ҚПЛ-да көш бастады

Редактор
03.10.2024, 17:47

38 ұпайы бар «Ордабасы» турнирлік кестенің көш басына шықты

instagram.com/fc__ordabasy

Қазақстан премьер-лигасының 22-туры матчында Петропавлдың «Қызылжары» Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдады.

Негізгі құрамда алаңға мына ойыншылар шықты:  

«Қызылжар»: Петров, Сәулет, Жақсыбаев, Нижич, Бушман, Березкин, Сабино, Йованчич, Абзалов, Мульдинов, Щебетун;

«Ордабасы»: Игнатович, Шехович, Ерланов, Пластун, Малый, Астанов, Әбікен, Тағыберген, Макаренко, Исламхан, Садовский.

Бұл кездесуде шымкенттіктер фаворит болған. Тиісінше матч қонақтардың аздаған басымдығымен өтті. Дегенмен алғашқы таймда қауіпті шабуылдар болған жоқ. Екінші таймда алаң иелері белсенді қимылдап, Сергей Игнатовичке шеберлігін көрсетуге тура келді. Ал 73-минутта Тимур Мульдинов алаңнан қуылып,  бұл жайт петропавлдықтарға қатты әсер етті. Сан басымдығын «Ордабасы» футболшылары тиімді пайдаланып, 82-минутта Артем Беседин допты қарсылас қақпасына дәл бағыттады.

Осылайша, 38 ұпайы бар «Ордабасы» турнирлік кестенің көш басына шықса, «Қызылжар» 19 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.

«Қызылжар» — «Ордабасы» 0:1 (0:0)
Гол: Беседин 82 (0:1)
Алаңнан қуылды: Мульдинов 73.