Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстанды жеңген Аргентина финалға шықты

04.10.2024, 01:08

Үшінші орын үшін Украина мен Франция таласады

Getty Images

Өзбекстанда футзалдан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Аргентина құрамасы финалға жолдама алды. Енді олар әлем чемпионы атану үшін Бразилиямен ойнайды.

Есте болса, ширек финалда Аргентина Қазақстан құрамасын 6:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал, жартылай финалда Францияны 3:2 есебімен ұтты. Енді ақтық сында байырғы қарсыласы – Бразилияның әлеуетін сынап көрмек.

Финалдық матч 6 қазан күні Ташкентте өтеді. Ал үшінші орын үшін Украина мен Фрация футзал құрамасы өзара мықтыны сол күні анықтайды.