Әйелінің көзіне шөп салып ұсталған «Мансити» қорғаушысы кешірім алу үшін 16 млн еуро төлемек

Редактор
04.10.2024, 09:55

Оның басқа әйелден де баласы бар екені анықталды

коллаж: Sport.ua

«Манчестер Сити» клубының және Англия құрамасының қорғаушысы Кайл Уокер әйелінен кешірім алу үшін өз байлығының тең жартысын оған беруі тиіс. Футболшы биыл қаңтарда Энни Килнердің көзіне шөп салып ұсталып, үйден қуылған болатын.

Кайл Уокер модель Лорин Гудманмен ұзақ уақыт көңіл жарастырған. Жұптың ортақ бір баласы бары да анықталды. Ал, бұл шындық жария болғаннан кейін футболшының өзге де қыз-келіншектермен байланысы бар екені айтылды. Кайлдың әйелі Энни Килнер көп сөзге келмей оны үйден қуып жіберген. Енді кешіруге дайын екенін мәлімдеді. Тек бір талабы бар.

«Егер Кайл Энниге өз байлығының тек жартысын берген жағдайда Энни оны кешіруге және отбасына қабылдауға дайын екенін айтты. Өйткені, ол Лориннің артық бір фунт алуына да қарсы», - деп жазды The Sun өзінің дереккөздеріне сүйеніп.

Кайл Уокердің байлығы 27 млн фунт стерлинг (32 миллион еуро) деп бағаланады. Энни осы соманың тең жартысын, яғни 16 млн еуро беруді талап еткен. Футболшының өзі әзірге бұл жағдайға байланысты пікір білдірген жоқ.

34 жастағы Кайл мен 31 жастағы Эннидің төрт баласы бар.