Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Роналду саяси ахуалға байланысты Иранға бармайды

Редактор
04.10.2024, 12:24

22 қазанда «Әл-Наср» - «Эстегляль» кездесуі жоспарланған

Reuters

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду азиалық Чемпиондар лигасы аясында Иранмен өтетін мачтқа бармайды. 

Ойыншы мен команда елдегі ахуалға алаңдаулы.

«Әл-Наср» клубы Иранға азиалық Чемпиондар лигасына қатысу үшін барғысы келмейді. Бұған Таяу Шығыстағы күрделі ахуал себеп», - деп жазды Marca.

Роналду өнер көрсететін «Әл-Наср» 22 қазан күні Тегеранда «Эстегляльмен» кездесуі керек.

Дереккөздің айтуынша, араб командасы Иранға барудан бас тартып отыр. Израиль тарапынан жасалған мәлімдемелерден соң Тегеран аймақтағы ең қауіпті қала болып тұр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама