Черчесов назар аудармай жүрген қазақ шабуылшысы шетелде тағы гол соқты

Редактор
06.10.2024, 14:41

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында жеңіс голын соқты

ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатындағы кезекті голын соқты.

Футболшы қазіргі кезде Борисовтің БАТЭ клубының намысын қорғайды. БАТЭ Беларусь чемпионатының 24-турында «Славии Мозырь» клубымен жолықты.

Матчта Виктор Сотников 5-минутта есеп ашып, қонақтарды алға шығарған. Сосын 35-минутта Александер Ануфриев есепті 2:0-ге жеткізді. Үзілістен кейін алаң иелері таразы басын теңестіріп үлгерді.

БАТЭ бапкері алаңға қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевты шығарды. Ол 75-минутта жеңіс голын соқты.

Жалпы, Өміртаев БАТЭ сапында 8 матчта 4 гол соғып үлгерді. Мұның алдында жарты маусым «Слуцк» клубында ойнап, 13 ойында төрт рет мергендік танытқан. Әзірге Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов футболшыны құрамаға шақырмай жүр.