Бас бапкер Станислав Черчесовтің көмекшілері тағайындалды

Редактор
06.10.2024, 15:23

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабына тағы екі бапкер қосылды

ҚФФ

Константин Горовенко мен Елдос Ахметов ұлттық құраманың бапкерлік штабына кірді.

Қазақстан U-21 құрамасының бапкерлері Константин Горовенко мен Елдос Ахметов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің көмекшілері болып тағайындыланды.

Ал Денис Мамонов жастар құрамасы аға бапкерінің міндетін атқарады.

Еске сала кетейік, Норвегиямен тең ойыннан кейін, Қазақстан құрамасы Люблянада Словениядан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. 10 қазанда Черчесовтың шәкірттері сырт алаңда Австрия құрамасына қарсы матч өткізеді, ал үш күннен кейін Алматыда Словенияны қабылдайды.