Футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы бестікке енді

Редактор
11.10.2024, 17:26

Футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингі жаңарды

KFF

Халықаралық футбол федерациясы футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатынан соң ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты.

Көш басына чемпион атанған Бразилия жайғасты. Португалия екінші орнын сақтап қалды. Үздік үштікті күміс жүлдегер атанған Аргентина түйіндеді. Бұған дейін олар екі саты төмен тұрған.

Ал Қазақстан құрамасы сегізінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Рикардо Кака шәкірттері ширек финалда дәл осы Аргентинаға есе жіберген – 1:6.

Үшінші орын үшін таласта Францияны ұтқан Украина (7:1) тоғызыншы орынға жоғарылады.

Алғашқы ондық:
Бразилия
Португалия
Аргентина
Испания
Қазақстан
Иран
Морокко
Ресей
Украина
Франция