Бұл жолы Аустрия қақпасының кілтін таба алмадық
Бүгін Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында төртінші ойынын Алматыда Словениямен өткізді.
Тағы да гол соқпадық. Осымен төртінші ойын қарсылас қақпасынан саңылау табуды ұмыттық. Станислав Черчесов келгелі ұлттық құрама тек бір ұпай жинады.
Бұл жолы Словения 1:0 есебімен басым түсті. Жеңіс добын 55-минуттал Ян Млакар салды.
Енді Қазақстан 14 қарашада Аустрияны қабылдаса, 17 қарашада Норвегияға қонаққа барады.
Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Александр Марочкин, Марат Быстров, Аслан Дарабаев (Жан Али Пайруз, 78), Асхат Тағыберген (Лев Скворцов, 69), Бактиер Зайнутдинов,Ислам Чесноков (Асхат Балтабеков, 64), Абат Айымбетов (Айбар Жақсылықов, 64), Бауыржан Исламхан;
Словения: Ян Облак (Қ) – Эрик Янжа, Яка Бийол, Ваня Дркушич (Кенан Байрич, 48), Петар Стоянович – Адам Гнезда-Черин, Тими Элшник, Ян Млакар (Ясмин Куртич, 87), Йосип Иличич (Деян Петрович, 71) – Андраж Шпорар (Жан Випотник, 71), Беньямин Шешко;