Қазақстан бүгін Словениядан 0:1 есебімен ұтылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Словениядан жеңілді. Матчтан кейін қарсыластың бас бапкері Матьяж Кек ойын туралы пікір білдірді.
- Алматы таулы жерде орналасқан. Сондықтан екі елдің арасында жол алыс. Қиындық туғызбады ма?
- Шынында бірнеше мың шақырымды тастап келу оңай емес. Теңіз деңгейінен биіктік проблема емес. Словенияда дәл сондай аймақта орналасқан. Ең қиыны, Қазақстанды төрт матч қатарынан жеңу еді.
- Словения құрамасында Еуропаның топ-чемпионаттарында ойнайтын футболшылар бар. Алдарыңызға енді қандай мақсат қойдыңыздар?
- Алдымен Ұлттар лигасында топта бірінші орын алуымыз керек. Екі ойын қалды, жағдайды түзеп алуға болады. Қазақстан да тағы ұпай алып, жағдайды реттеп берсе жақсы еді.
- Қазақстанды осымен төртінші рет жеңіп отырсыз. Сол төрт ойында екі түрлі ресейлік бапкерлер болды. Қарсыластың осы ойындарда қандай айырмашылығын байқадыңыз?
- Бір рет Астанада, екіншісінде Алматыда ойнап тұрмыз. Астанада жасанды алаңда, мында табиғи. Мен Қазақстанға тағы келмес едім, өйткені бұл мемлекет алыс орналасқан.
Айта кетейік, Қазақстан бүгін Алматыда Словениядан 0:1 есебімен ұтылды. Енді ел құрамасы алдағы екі ойынын қараша айында өткізеді. Алдымен 11 қарашада өз алаңында Аустрияны қабылдаса, 14 қарашада сырт алаңда Норвегиямен кездеседі.