Ресейлік маман бас бапкер болғалы Қазақстан құрамасы әлі бірде-бір гол соққан жоқ
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы матчта Максим Самородов пен Рамазан Оразовтың алаңға неліктен шықпағанын түсіндіруден бас тартты деп жазады meta-ratings.kz.
Еске салайық, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы бүгін өз алаңында Словениядан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алаңға жоғарыда аталған екі ойыншы да шыққан жоқ. Журналист мұның себебін түсіндіргенде, Черчесов оған дөрекі жауап берді.
«Ақылды сұрақтарыңызды шетке сырып, одан да алаңға кім шықты, солар туралы сөйлесейік. Маған адамның тегі емес, футболшылар керек», - деді маман.
Алматының Орталық стадионында өткен матчта шабуылшы Максим Самородов қосалқы құрамда отырса, жартылай қорғаушы Рамазан Оразов тіпті тізімге де енбеді.
Осыдан соң Самородов әлеуметтік желіде ренішін білдірген жазба қалдырды. Футболшы жаттығудан суретін салып, «Тым құрығанда алаңда болып қайттым», - деп жазды.
Айта кету керек, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалғанына бес ай болды. Ұлттық құрама оның басшылығымен ресми төрт матч ойнап, бірде-бір гол соққан жоқ.