Мессидің арқасында Аргентина Боливияны ірі есеппен жеңді (ВИДЕО)

Редактор
16.10.2024, 09:20

Аргентина турнир кестесінің көшін бастап келеді

Getty Images

2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирі Оңтүстік Америка құрлығында да өтіп жатыр. Аталған турнирдің 10-турында Аргентина өз алаңында Боливияны қабылдап, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ойын тағдырын Мессидің үш голы мен екі нәтижелі пасы шешті. Даңқты футболшы 19-минутта есеп ашса, 84 және 86-минуттарда тағы екі рет көзге түсті. Қалған үш голды Мартинес, Альварес және Альмада өз еншісіне жазды.

Он ойыннан кейін 22 ұпай жинаған аргентиналық команда турнир кестесінің көшін бастап келеді. Ал, Боливия 12 ұпай жинаған.