Бас бапкерге қазақ тілін мазақ еткені үшін айыппұл салынған
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов журналистерге берген жауабында айтты.
Әділет Бәрменқұлов бас бапкерге қазақ тіліне құрмет таныту қажеттігін түсіндіргенін атап өтті.
"Черчесовтың әзілдері, әрине, шектен шығып жатыр. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдығын түсіндірдім. Онымен әңгіме, жұмыс жүргіздік. Оған айыппұл салынды", – деді Барменқұлов.
Айта кетейік, Әділет Бәрменқұлов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында бас бапкер Станислав Черчесовтің қызметіне көңілі толатынын айтты.