Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Құраманы тегін жаттықтыруға дайынмын – Талғат Байсуфинов

Редактор
18.10.2024, 16:43

Қазіргі бапкер Черчесов бұл қызмеріне 1,2 млн еуро жалақы алатын көрінеді

olympic.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңілгеннен кейін жанкүйерлер тарапынан бас бапкерді отставкаға жіберу мәселесі көтерілді. Осы сәтте ұлттық құраманың экс-бапкері болған Талғат Байсуфинов ерекше мәлімдеме жасап отыр.

Отандық маман ұлттық құрама тізгінін ұстап отырған ресейлік бапкердің орнын басуға қарсы емес. Және бұл жұмысы үшін ол бір тиын да ақша алмайтынын айтып отыр.

«Құраманы тегін жаттықтыруға дайынмын», - деді Талғат Байсуфинов.

Қазір ұлттық құрама шынында да қиын жағдайда тұр. Ресейлік Станислав Черчесов баптайтын команда Ұлттар лигасында үш жеңіліс және бір тең ойынмен кесте соңынды келеді. Одан бөлек, жігіттер төрт матчта бір де бір гол соққан жоқ.

Ал, осы жұмысы үшін Станислав Черчесов жылына 1,2 млн еуро жалақы алады дейді саясаттанушы Ербол Еділов.

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасын 2016-2022 жылдар аралығында жаттықтырған.

Жарнама
Жарнама