Оған 740 мың теңгеге жуық айыппұл салынған
Қазақ тіліне қатысты сәтсіз әзіл айтып, басы дауда қалған Станислав Черчесов «Спорт-Экспресс» басылымына сұхбат беріп, аталған жайтты тағы түсіндірді.
Есте болса, Ұлттар лигасы аясында Словениямен болған матчтан кейін Қазақстан құраманың бас бапкері қазақша сұрақ қойған журналистке «французша сөйлеп тұрсың ба» деп әзілдеген болатын. Оның бұл сөзі қоғамда наразылық тудырып, ақыры Черчесовке ірі көлемде айыппұл салынды.
«Мен әрдайым көпшілік алдында сөйлеген кезімде өзімнің не айтып тұрғаныма есеп бере аламын. Ал, егер менің әзілімді түсінбесе, демек мен кінәлімін», - деп қысқа қайырды ресейлік маман.
Бұған дейін ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов та ресейлік БАҚ-қа сұхбат беріп, Черчесовтың кешірім сұрамағанын айтты.