Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитов Станислав Черчесовке араша түсті

Редактор
19.10.2024, 12:58

Оның сөзінше, Қазақстанның қазіргі футболшылары жеңілістің бәріне кінәлі

instagram.com/kuat__khamitov

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қатарынан үш ойында жеңілуіне бас бапкер Станислав Черчесовтың еш кінәсі жоқ деп есептдейді белгілі файтер Қуат Хамитов.

Айта кетейік, Ұлттар лигасында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы топтық кезеңде төрт ойынның біреуінде тең ойнап, үшеуінде жеңілді. Осы төрт матчта Черчесов шәкірттері бірде-бір гол соға алған жоқ.

«Қазір көпшілік бас бапкерді айыптап жатыр. Бірақ, сенің шәкірттерің «қапшық» болса оған бапкер түк те көмектесе алмайды. Тек футболда емес, бізде мұндай жағдай күресте де, басқа да спорт түрлерінде болды. Әлсіздерден супермен жасай алмайсың. Қандай мықты бапкер келсе де Қазақстан футболшыларынан мықты ойыншы жасай алмайды. Соны түсінуіміз керек.

Алдағы 5-10 жылда ересектер футболымен айналысу – уақытты босқа өлтіру. Оларды өз бетімен жіберу керек. Ал, бөлініп жатқан ақшаны балалар футболына жұмсаған абзал. Қазіргі 7-8 жастағы балалар ғана қазақ футболын болашақта өзгерте алады», - дейді MMA файтері Legalbet сайтына берген сұхбатында.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, қалған үш матчта өз қақпасына 8 гол жіберіп алды. Черчесовтың өзі болса құрама команданың ойынына көңілі толатынын айтып отыр.

Жарнама
Жарнама