«Қайрат» чемпиондыққа жақындай түсті, «Ордабасының» жағдайы қиын – ҚПЛ

Редактор
19.10.2024, 20:37

Чемпионаттың аяқталуына небәрі екі тур қалды

Қайрат ФК

Футболдан қазақстан Премьер-лигасының 23-турының алғашқы екі ойыны өтті. Алматының «Қайраты» өз алаңында «Тұранды» қабылдаса, ел чемпионы «Ордабасы» «Тобылға» қонаққа барды. «Жеңіс» өз алаңында «Жетісумен» ойнады.

Алматының Орталық стадионында өткен матчта «Қайрат» түркістандық клубтың қақпасына бес доп соқты. Ал, «Тұран» тек бір голмен ғана жауап бере алды.

«Қайрат» сапынан бразилиялық легионер Жоао Пауло хет-трик авторы атанса, Гиоргий Заря еншісінде бір гол бар. Сондай-ақ, «Тұран» қоғаушысы Иван Хомуха өз қақпасына автогол соғып алды.

Осылайша, 21 ойында 38 ұпай жинаған «Қайрат» турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді.

Ал, көш бастап келе жатқан «Ордабасы» маңызды ойында ұпай жоғалтып, чемпиондық жолдағы тартыст күрделендіре түсті. Қостанайда өткен матчта «Тобыл» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Шымкенттіктер қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы – Эркин Тапалов (32-минут).

39 ұпай жинаған «Ордабасы» турнир кестесінің көшін бастап тұр. Дегенмен, «Қайрат» пен «Ақтөбе» шымкенттіктерді өкшелеп келеді. Бүгін үш ұпай алған «Тобыл» болса 33 ұпаймен 6-орынға жайғасқан.

«Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы ойында да дәл осындай есеп тіркелді. Астаналық команда сапынан екінші таймда Зураб Тевзадзе көзге түсті. Мұнан кейін жетісулықтар толассыз шабуылдағанымен, есепті теңестіре алған жоқ.