«Шахтер» ФК ел тарихында алғаш рет ҚПЛ-ден шығып қалды

Редактор
19.10.2024, 20:07

Кеншілер командасы елімізде алғаш болып Еурокубок турнирлерінің топтық кезеңінде ойнаған еді

Шахтер ФК

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасынан шығып қалды. Чемпионат аяқталуына санаулы ойын қалғанда қарағандылықтар тағы ұпай жоғалтып, соңғы орыннан көтерілу мүмкіндігінен айрылды.

Ел чемпионатында бұған дейінгі ойындардың барлығында есе жіберген клуб әзірге тек санаулы ойында ұпай иеленді. Қазір «Шахтер» турнир кестесінде 9 ұпаймен соңғы 13-ші орынға тұрақтап, 12-ші сатыдағы «Тұраннан» 10 ұпайға қалып келеді. Ал біріншілік енді 3 турдан соң аяқталады.

Осыған дейін «Шахтер» ел клубтары арасында элиталық дивизионнан шықпаған жалғыз клуб болатын. Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған кеншілер клубы алғаш болып ел тарихында Еурокубоктың топтың кезеңіне жолдама алған.