«Семей» футзал клубы «Спортингтен» ұтылды

Редактор
22.10.2024, 21:09

Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан хет-трик авторы атанды

kazfootball.kz

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Семей» командасы «Спортингті» қабылдады. Матч Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтті.

Қазақстан чемпионы есепте алда келе жатқанымен, Чемпиондар лигасының екі дүркін чемпионына шамасы жетпеді. Португалиялық клуб сапынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан хет-трик авторы атанды.

Осылайша, матч қорытындысы бойынша қонақтар 4:6 есебімен жеңіске жетті. Бұл Чемпиондар лигасының осы маусымдағы алғашқы ойыны.

«Семей» 2023 жылы құрылып, дебюттық маусымында ел біріншілігінде топ жарды.

«Семей» - «Спортинг» - 4:6.

Голдар: Торрес 4’ (0:1)
Татиньо 20’ (дабл-пенальти) (1:1)
Тайнан 23’ (2:1)
Паулета 24’ (3:1)
Кандидо 28’ (3:2)
Тайнан 30’ (4:2)
Паулета 31’ (5:2)
Тайнан 35’ (6:2)
Есенаманов 36’ (6:3)
Дедезино 38’ (6:4)

Материалда: