«Семей» болса «Спортингтен» ірі есеппен жеңілді
Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының бірінші матчында Алматының «Қайраты» Венгрияның «Халадаш» клубымен кездесті.
Марлон Веласко алаңға мына құрамды шығарды: Деннис, Эдсон, Денер, Кайо Руиз, Отанья — Серіков, Кнауб, Рашит, Занотто, Тұрсағұлов, Сәрсенбаев, Арриета, Карпюк, Алиссон.
Бірінші таймда қонақтар қақпасына жауапсыз екі гол соғылды, алдымен Алиссон мергендік танытса, сонан соң Эдсон есепті еселеді. Екінші кезеңде Кевин Арриета қақпаны дәл көздесе, қақпашы Деннис Кавальканти ойынның нүктесін қойды — 4:0.
Айта кетейік, бұған дейін 4-топта Португалияның «Спортинг» клубы «Семейді» 6:3 есебімен жеңді.
Элиталық раундқа тек үздік үш команда шығады.