Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнайды

Редактор
12.12.2023, 12:17

Соңғы матчта Мессидің командасы жеңіске жеткен болатын

Global Look Press

Америкалық «Интер Майами» футбол клубы қаңтар айында Сауд Арабиясында оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.

29 қаңтарда Мессидің командасы «Әл-Хилялмен» ойнаса, 1 ақпанда Криштиану Роналду намысын қорғайтын «Әл-Насрмен» алаңға шығады.

Айта кету керек, қазіргі заманның ең мықты футболшылары саналатын Роналду мен Месси бір-біріне қарсы 35 ойын өткізген. Оның 16-да Мессидің командасы жеңіске жетсе, Роналду 10 рет басым болған. Қалған тоғыз матч тең аяқталыпты. Бұл ойындарда Месси 21 гол соқса, Роналду 20 рет дәл соққымен көзге түскен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама