Ол әр ауылға 1 миллион долларға бір спорт кешені салыну қажет деп есептейді
Қазақстандық MMA файтері Қуат «Найман» Хамитов отандық футболды неліктен жиі сынайтынын және футболшыларымыздың жетістігіне не үшін қуана алмайтынын sport24.ru сайтына берген сұхбатында айтып берді.
«Бізде Қазақстанда спорт залдарының тапшылығы проблемасы бар. Маған ауылдың қарапайым жігіттері хабарласып, «сен секілді болғымыз келеді, спортпен айналысқымыз келеді, бірақ оған жағдай жоқ» деп жатады. Бұл бүкіл Қазақстандағы проблема. Бізде спорт залдары жоқ ауылдар өте көп. Сондықтан ондағы жастар сенделіп жүр. Бұл таяқтың бір ұшы ғана. Екінші ұшы – бізде футболға 200-300 миллион доллар қаражат бөлінеді. Бірақ, одан нәтиже жоқ. Кезінде ай сайын 100 мың доллар жалақы алған футболшылар болды. Қазір 20-30 мың доллар алып жүргендері бар. Ал, бокс, күрестен әлем чемпионы болып жүрген спортшыларымыз мұндай ақша алмайды. Бұл әділетсіз ғой?! Спортта нәтижеге ақша төлену керек», - дейді Хамитов.
Ол футболды бір жыл қаржыландырмай, сол 300 млн долларды 300 ауылға бөлуді, әр ауылға 1 млн долларға спорт залдарын салуды ұсынып отыр.
«Бұл – біріншіден салауатты өмір салты, балалар есірткі мен алкогольдан бас тартады. Екіншіден, жастардың тәрбиесі. Сондықтан, мен спортты қаржыландыруды қайта қарастыру керек деп есептеймін, сондықтан қарсы әңгіме айтып жүрмін», - деп ойын білдірді танымал файтер.
Ол футболшыларға да, футбол мамандарына да, оларға қаржы бөлетін шенеуніктерге де көңілі толмайтынын жеткізді. и они делятся с начальством, с федерацией. Я говорю: «Почему вы не выходите и не говорите, что у вас там целая махинация?» А они говорят: «Мы не можем». Поэтому в видеообращении я сказал, что там нет мужиков. За все десять лет, что я выступаю против футболистов, я не встретил ни одного мужика, который вышел бы и всю правду сказал.