Еуропа Чемпиондары лигасының плей-офф кезеңіне өткен 14 команда анықталды

Редактор
13.12.2023, 09:15

Қалған екі жолдаманың иелері 13 желтоқсанда анықталады

SO FOOT.com

12 желтоқсанда Еуропа Чемпиондары лигасының топтық кезеңінің соңғы ойындары өтті. Нәтижесінде, плей-офф кезеңіне өткен алғашқы 14 команда анықталды.

Атап айтқанда, 1/8 финалға «Копенгаген» мен «Наполи» шықты. Дат командасы өз алаңында «Галатасарайды» 1:0 есебімен жеңсе, италиялықтар «Брагадан» 2:0 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар, «Арсенал», ПСВ, «Атлетико», «Барселона», «Лацио», «Боруссия» Дортмунд, «Манчестер Сити», «Бавария», «Интер», «Реал Сосьедад», «Реал» Мадрид және «РБ Лейпциг» клубтары бұған дейін де уақытынан бұрын топтан шығып қойған болатын.

Енді плей-офф кезеңіне соңғы екі жолдаманың бірі үшін H тобында «Порту» мен «Шахтер» таласса, екінші жолдамадан F тобында «ПСЖ, «Ньюкасл» және «Милан» үмітті. Бұл командалар 13 желтоқсанда ойнайды.

Материалда: