Бразилияда футбол алаңына найзағай түсіп, 21 жастағы футболшы мерт болды (ВИДЕО)

Редактор
13.12.2023, 09:02

Тағы біреуі ауыр халде жатыр

көрнекі фотосурет

Бразилияның Санту-Антониу-да-Платина қаласында жергілікті әуесқой командалардың кубогінде «Униан Жайиренсе» мен «Унидос» клубтары кездескен. Ойын болып жатқан сәтте алаңға найзағай түсіп, жеті футболшы зардап шекті.

Жергілікті БАҚ-тардың жазуынша, 21 жастағы Кайо Энрике де Лима Гонсалвес есімді футболшы қайтыс болған. Қалған алтауы ауруханаға жеткізіліпті.

«Әуесқой футбол командалары арасында облыс кубогінің бірінші кезеңі аясындағы матч тоқтатылды. Алаңға найзағай түскен. Оқиға Санту-Антониу-да-Платина қаласында болды.

Кайо Энрике де Лима оқиға орнында көз жұмды. Тағы алты футболшы ауруханаға түрлі дәрежедегі күйікпен жеткізілді. Біреуінің халі ауыр», - деп хабарлады Globo басылымы.

Материалда: