Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Ақырзаман»: Қуат Хамитов Әділет Барменқұловтың отставкасына пікір білдірді

Редактор
09.11.2024, 15:09

Ол бұған дейін де ұлттық құрама ойыншыларын қатаң сынайтын

instagram.com/kuat__khamitov

Танымал ММА шебері Қуат Хамитов Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді.

Футболға қатысты жаңалық шықса әрдайым өз ойын айтатын «Найман» бұл жолы да үнсіз қала алмады.

«Қазақстан футболын құтқаруға енді ештеңе көмектеспейді, ақырзаман болмаса», - деп жазды Хамитов әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Қазақстан футбол федерациясын үш жылға уақыт басқарған Әділет Барменқұлов 8 қарашада өз орнын босатты. Жаңа президент алдағы уақытта федерацияның кезектен тыс конгресінде сайланады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Станислав Черчесовтің жаттықтыруымен Ұлттар лигасында төрт ойын өткізіп, үш матчта жеңілді. Әзірге бірде-бір матчта гол соққан жоқ.

Жарнама
Жарнама