Бәрменқұлов кеткенмен мен қаламын – Станислав Черчесов

Редактор
13.11.2024, 15:33

Ол ұлттық құраманы 2026 жылға дейін жаттықтырады

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов бұл қызметінен жақын уақытта кетпейтінін мәлімдеді. ҚФФ басшысы болған Әділет Бәрменқұловтың отставкасынан кейін қоғамда Черчесовтың де кетуі мүмкін екені айтылған болатын. Алайда, ресейлік маманның өзі мұны жоққа шығарды.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 14 қарашада Алматыда Аустрияны қабылдайды. Осы ойынның алдында бас бапкер Станислав Черчесов баспасөз мәжілісін өткізген. Жиында журналистердің бірі одан Бәрменқұловтың ізімен кетесіз бе деген сұраған еді.

«Менің келісімшартым Әділет Бәрменқұловпен емес, Қазақстан футбол федерациясымен жасалған, кетпеймін», - деп жауап берді бас бапкер.

Айта кетейік, Черчесовтің келісімшарты 2026 жылға дейін жасалған. Егер контракт алдын-ала бұзылатын болса, Қазақстан оған 1 миллион еуро өтемақы төлеуге мәжбүр болады.