Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстанның жас футболшылары Еуропа чемпионатында сенсация жасады

Редактор
14.11.2024, 01:37

Келесі ойын әйгілі Нидерланды құрамасымен

Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.

Александр Кузнецов шәкірттері алғашқы ойынында Украина құрамасымен кездескен. Алғашқы минуттан бапкер алаңға мына ойыншыларды шығарды: Мендіғалиев, Саидов, Елемес, Ерлан, Исраилов, Примбердиев, Дүйсенбек, Агиманов, Әбіл, Серікұлы, Бағдат.

Ойын тең дәрежеде өтті. Бірақ Қазақстан жасөспірімдері өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Үзіліске дейін «Екібастұз» ойыншысы Тамерлан Агиманов дубль жасады.

Екінші кезеңде Украина пенальтиден бір гол салып, есеп қысқартқанымен, одан әріге шамасы жеткен жоқ. Сөйтіп Қазақстан 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Аталған матч алдында Қазақстан аутсайдер саналған. Енді жерлестеріміз 16 қарашада Нидерландымен кездеседі.

Айта кетейік, бірінші топтың ойыны Ассен (Нидерланды) қаласында өтеді. Әр топтан келесі кезеңге екі команда шығады. Сондай-ақ, үшінші орындардың ішінде ең көп ұпай жинағаны да көктемде Португалияда өтетін элиталық раундқа жолдама алады.

Жарнама
Жарнама