Мұндай ереже спорттың басқа түрлерінде де бар
ФИФА футболдың ережесіне тағы да өзгеріс енгізгелі жатыр. Бұл ойынның барысына әсерін тигізуі мүмкін деп жазады L’Equipe.
Атап айтқанда, VAR жүйесін қарауға өзгеріс енгізілмекші. Яғни, қазір бұл мүмкіндік тек бас төрешіге ғана берілсе, болашақта бапкерлер де теннистегідей челлендж сұрай алады. Сонда арбитр күмәнді сәтті видеоқайталаудан қарауға міндеттеледі.
Челлендж сұрау ережесі басқа да спорт түрлерінде бар. Мәселен, хоккейде челлендж сұраған команданың дұрыстығы расталмаса, бір ойыншысы 2 минуттық айыппен жазаланады. Ал, футзал мен теннисте челлендж алу мүмкіндігі күйіп кетеді.
Айта кетейік, VAR қарау ережесінің өзі футболға небәрі 2016 жылы енгізілген. Содан бері футболдың ажырамас бөлігіне айналып кетті.