Оның жасы 39-да
Ұлттар лигасының A тобында өнер көрсетіп жатқан Португалия құрамасы өз алаңында Польшаны қабылдап, 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матчта команда капитаны Кригштиану Роналду дубль авторы атанды.
Даңқты футболшы 72-минутта пенальтиден алғашқы голын соқса, 87-минутта Витинья берген пасты қақпаға дәл бағыттап, есепті 5:0-ге жеткізді.
Осылайша Роналду Португалия құрамасындағы 134-ші голын соқты. Ал, клубтарда соққан голының саны – 775. Яғни, барлығы 910 голға жетіп отыр. Бұған дейін футболшының өзі мансабында 1000 гол соғуды көздейтінін айтқан болатын.
Португалия – Польша матчында Роналдудан бөлек Леау (59-минут), Фернандеш (80), Нету (83) және поляк Доминик Марчук (88) гол соқты.
Португалия құрамасы топтық кезеңде бес ойын өткізіп төртеуінде жеңіске жетсе, бірінде тең ойнады. Соңғы ойынды Мартинес шәкірттері 19 қарашада Хорватияға қарсы өткізеді.